Қанды Қаңтар: Шымкентте балаларын атып өлтіргендерді жазалауды талап еткен ата-ана қамалды

Сот оларды «бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібін бұзды» деп айыптаған


03/08/2023
09:48 15996 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Шымкентте сот Қаңтарда баласын атып өлтіргендерді жазалауды талап еткен екі ата-ананы қамады. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады. 

 

2 тамызда Шымкент қаласының әкімшілік соты Мұрат Әбдірайымовты (марқұм Нұрболат Алпамыстың әкесі) – он күнге, Әйкен Қалықұлованы (марқұм Бағлан Шәріпбайдың анасы) – бес күнге қамауға қаулы шығарған. Сот оларды «бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібін бұзды» деп айыптады.

 

Әбдірайымов пен Қалықұлованың тағылған айыпты мойындағаны, не мойындамағаны белгісіз.

 

1 тамыз күні наразылар Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде балаларын атып өлтірген және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап еткен. Оларға қала әкімдігінің қызметкерлері келіп, жиынға рұқсатсыз шыққандарын, тоқтатпаса әкімшілік шара қолданылатынын ескерткен. Бірақ наразылардың талаптарына жауап бермеген.

 

Шымкентте былтырғы Қаңтар оқиғасы кезінде 20 адам қаза болған. Құқық қорғау органдары басында оларға да «жаппай тәртіпсіздік жасады» деген айып таққысы келген, бірақ іс дәлел жетпеуіне байланысты жабылып, кейін марқұмдар жәбірленуші деп танылған. Қаза тапқандардың ата-аналары бұған дейін биліктен 5 млн теңге өтемақы беруді және балаларының өлімін тергеуді талап еткен.

 

Поделиться

Нет комментариев.

03/08/2023 09:48
15996 0

Уведомление